Қарағанды облысының балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру үдерісіндегі көркемдік-эстетикалық тәрбиенің рөлі» облыстық семинары
30-03-2021 09:21
Қарағанды облысының балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру үдерісіндегі көркемдік-эстетикалық тәрбиенің рөлі» облыстық семинары

2021 жылғы 30 наурызда «Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және Саран қаласының «Балалар өнер мектебі» КМҚК Қарағанды облысының балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру үдерісіндегі көркемдік-эстетикалық тәрбиенің рөлі» семинарын өткізді.

Семинарда жұмыс тәжірибелерін ұсынған Саран қаласы Балалар өнер мектебінің педагогтері: Мусалиева Толкын Суиндиковна, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, домбыра сыныбының оқытушысы; Нурсафина Куляш Куралкызы, домбыра сыныбының оқытушысы; Нагребецкий Олег Станиславович, скрипка сыныбының оқытушысы; Санархан Асылбек, хореография сыныбының оқытушысы; Кыдырбаева Айгуль Есенгельдыевна, бейнелеу өнері сыныбының оқытушысы; Качанов Андрей Владимирович, саксофон сыныбының оқытушысы; сонымен қатар,  мектеп директоры Зәуреш Алтынбековна Кожухова мектептегі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.  

Семинарға Қарағанды облысының балаларға қосымша білім беру ұйымдарының 79 педагогі қатысты.