Үштілді білім беру апталығы аясындағы «Ғасырлық жаһандану кезіндегі көптілділік» тақырыбындағы педагогикалық биеннале
30-03-2021 09:25
Үштілді білім беру апталығы аясындағы «Ғасырлық жаһандану кезіндегі көптілділік» тақырыбындағы педагогикалық биеннале

2021 жылдың 30 наурызында онлайн форматта  «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен үштілді білім беру апталығы аясындағы «Ғасырлық жаһандану кезіндегі көптілділік» тақырыбындағы педагогикалық биеннале өтті.

Шараға 21 облыс колледждерінен 40 педагог қатысты.

Пленарлық және секциялық отырыстар бойынша өткізілген биенналеде үштілді және көптілді білім беруді енгізу жобаларын іске асырып жатқан колледждердің педагогтері өз тәжірибелерін ортаға салды.

Пленарлық отырыста 3 оқытушының жұмысы, және екі секциялық отырыстарда 27 оқытушының жұмыстары тыңдалып, ал қалған 10 оқытушының жұмыстары сырттай қабылданды.

Шараның соңында ұйымдастырушылар биенналенің қорытындысын шығарып, қатысушылар өз тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.

 Шараның қорытындысы бойынша пленарлық отырыста өз тәжірибелерімен бөліскен қатысушыларды ҚО ББД ОӘО алғыс хаттарымен марапаттап, барлық қатысушыларға сертификаттар табыстау шешімі қабылданды.