«Көктемгі мектеп» аясындағы директордың орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру курстары туралы
31-03-2021 16:39
«Көктемгі мектеп»  аясындағы  директордың орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру  курстары туралы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 31 наурызында білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары үшін біліктілікті арттыру курстарының бесінші күні өтті. Сабақтар ZOOM платформасында онлайн режимінде қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Курстың қатысушылары келесі тақырыптарымен таныстырылды:

«Білімал. Электронды мектеп» АБЖ жұмысын ұйымдастыру;

UMC_OK мобильдік қосымшасы;

Қазіргі заманғы мектепте жобалық қызметті ұйымдастыру, тәжірибелік - эскперименттік жұмысты жобалау технологиясы.

Біліктілікті арттыру курстарына облыстың білім беру ұйымдарынан 574 адам қатысты.