«Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясында «Python тілінде бағдарламалау негіздері» оқыту курсы
31-03-2021 16:41
«Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясында «Python тілінде бағдарламалау негіздері» оқыту курсы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Көктемгі мектеп» және «Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясында 2021 жылдың 25 – 31 наурыз аралығында ZOOM конференциясы арқылы Қарағанды облысының педагогтарына «Python тілінде бағдарламалау негіздері» оқыту курсын жүргізді.

Курсты Қарағанды облысының 60 педагогы оқыды.

Курс соңында бақылау жұмыстарын сәтті тапсырған барлық мұғалімдер «Python тілінде бағдарламалау негіздері» оқыту курсынан өткендігі туралы сертификаттар алды.