«СЕН НЕТКЕН БАҚЫТТЫ ЕДІҢ, КЕЛЕР ҰРПАҚ»
18-04-2021 09:37

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  2021 жылдың  9 сәуірінен бастап  білім беру ұйымдарында Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына  арналған  «СЕН  НЕТКЕН БАҚЫТТЫ ЕДІҢ, КЕЛЕР ҰРПАҚ» тақырыбында іс-шаралар циклін өткізеді. 

Мақсаты: Қасым Аманжоловтың шығармалары негізінде жас ұрпақты адамгершілік, Отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес Оқу-әдістемелік орталығы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатымен бірге 2021 жылдың 9 сәуірі күні «Өнегелі өмір» жобасы аясында  «Қасым Аманжолов поэзиясы және әдеби-көркем сын» тақырыбында  доцент, фиология ғылымдарының кандидаты Бабашев Азат Мақсұтбекұлымен кездесу өткізеді.