«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» АБЖ тақырыбы бойынша Оnline-оқыту семинары
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 6 сәуірінде «Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» АБЖ бойынша сараптамалық кеңестің төрағалары, хатшылары, мүшелері үшін қазақ және орыс тілдерінде оқыту өткізді.
Оқытуды «Өрлеу» ИТО компаниясының менеджерлері С.А. Амалбекова және А.М. Мешелова өткізді.
Облыстық сараптама кеңесінің хатшысы Г. С. Сәрсекеева тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ барлық педагогтер үшін онлайн-оқыту Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының youtube-арнасында сақталатын болады.
Аудиторияның жалпы қамтылуы 435 адамды құрады.