2021 жылдың 6 сәуірінде «Сандық экономика» қаржы сауаттылығы апталығы аясында ZOOM платформасында 2 курс студенттері арасында «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінен облыстық қашықтықтан олимпиада ұйымдастырылды.
Олимпиаданың мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, бухгалтерлік есеп саласында білім деңгейін арттыру. Олимпиадаға Қарағанды облысының білім беру ұйымдарынан 6 команда қатысты.
Олимпиада 2 кезеңнен өтті.
Бірінші кезең – үй тапсырмасы.
Екінші кезең – ситуациялық тапсырмаларды шешу жолдары.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орын иегерлері анықталды:
1 орын - «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Active Plus» командасы және «Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ, жеке мекемесі, «Бух & Ко» командасы;
2 орын - «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Баланс» командасы;
3 орын - «Ж.Е. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі» ЖММ, «Есеп мергендері» командасы.
Жеңімпаздар Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.