«Worldskills Karaganda – 2021» онлайн-кеңесі
06-04-2021 17:58
«Worldskills Karaganda – 2021» онлайн-кеңесі

2021 жылдың 6 сәуірінде сағат 12.00-де техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, «Worldskills Karaganda – 2021» құзыреттіліктерінің құзыреттілік орталықтары өкілдері мен бас сарапшыларының онлайн-кеңесі өтті.

Кеңеске қатысушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, құзыреттілік орталықтары өкілдері мен бас сарапшылары.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары  Сарсембаева Альфия Жакуповнаның алғы сөзінен кейін кеңестің барлық қатысушылары «Worldskills Karaganda – 2021» өңірлік чемпионатының бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.  

Кеңес қорытындысы бойынша конкурстық тапсырмаларды әзірлеу туралы шешім қабылданды.