ТжКБ ұйымдарының педагогтерін аттестаттау мәселелері бойынша вебинар
07-04-2021 17:59
ТжКБ ұйымдарының педагогтерін аттестаттау мәселелері бойынша вебинар

2021 жылдың 7 сәуірінде ZOOM платформасында Қарағанды облысының ТжКБ ұйымдарының педагогтерін аттестаттау мәселелері бойынша вебинар өтті. Вебинарға Қарағанды облысы колледждерінің 100-ге жуық әдіскерлері мен директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Вебинарда РО КО ОӘО Облыстық Сараптамалық кеңесінің хатшысы Г.С. Сәрсекеева ТжКБ ұйымдарының педагогтерін аттестаттауды ұйымдастыру туралы түсіндірме берді.

Вебинар соңында сұрақ-жауап түрінде рефлексия болды, онда Г.С. Сарсекеева ТжКБ ұйымдарының әдіскерлерінің сұрақтарына жауап берді.