Республикалық танымдық кездесу «Әлихан – Ұлт қайраткері»
08-04-2021 16:33
Республикалық танымдық кездесу «Әлихан – Ұлт қайраткері»

2021  жылы 08 сәуір күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен Теміртау қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы гимназияның ұйымдастыруымен онлайн режимде «Әлихан – Ұлт қайраткері» тақырыбында республикалық танымдық кездесу болып өтті.

Мақсаты: Ұлт зиялыларының идеологиялық көзқарасын дәріптеу, болашақ жас Әлиханшылардың рухани жағынан нағыз адам болып  қалыптасуына ықпал ету.

Танымдық кездесуде  Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Алаш» даму  ғылыми-зерттеу институтының директоры, зерттеуші-ғалым Султан Хан Ақұлы, Қарағанды Университеті жанындағы «Тұлғатану» орталығының директоры, доцент Бейсенбаекова Нұрсакан Ахметқызы, аға оқытушы, доцент Смағұлова Гүлнар Мұратбекқызы, Шотбақова Ләззат Қасымқызы сынды ғалымдар қатысып, тың деректер, құнды пікірлерімен бөлісті.