2015 жылдың 23 қазанында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы – техникалық колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігі өтті.
23-10-2015 09:19

      Отырысты алғы сөзбен Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы – техникалық колледжінің директоры Закамолкин Владимир Анатольевич және ҚО ББД ОӘО әдіскері Еставлетова Атыркуль Алгатаевна ашты.

     Отырысқа Қарағанды облысы колледждерінің қазақ тілі және әдебиеті пәндері оқытушылары қатысып, пікір алмасты.

     Облыстық әдістемелік бірлестік отырысында оқытушылар көп тілділік жағдайында, білім беру мазмұнын жаңарту, студенттердің ғылыми-зерттеушілік деңгейінің моделін жасауды талқылап, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар төмендегідей баяндамалар тыңдалды:

      - Факультатив және үйірме жұмыстарын жүргізу.

      - Факультатив сабақтарды жүргізудің әдіс-тәсілдері.

     А. Құнанбаев пен А. Пушкин туындыларына негізделген шығармашылық топтың жұмысы ерекше әсерлі болды.

    Отырыс соңында қорытынды жасалып, оқытушылар іс-шара төңірегіндегі өз ойларын ортаға салды.