«Бірге оқимыз» жобасы аясында» Workshops өткізілді
12-04-2021 13:57
«Бірге оқимыз» жобасы аясында» Workshops өткізілді

2021 жылдың 12 сәуірде «Бірге оқимыз!» инновациялық жобасы аясында Қарағанды облысының педагогтеріне арналған кезекті воркшоптар ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өткізілді.

Воркшоптарды өткізгендер:

1. Приймак Наталья Степановна, Қарағанды қаласының «№63 ЖББМ» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі;

2. Мавров Сергей Иванович, Қарағанды қаласының «№32 ЖББОМ» КММ, АӘТД пәнінің мұғалімдері.

Воркшопқа ZOOM арқылы қатысқандар саны – 200, Youtube арнасы арқылы қатысқандар саны – 364. Барлығы 564 педагог қатысты.