2021 жылдың 12 мен 17 сәуірі аралығында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы облыстың барлық білім беру ұйымдарында жаратылыстану - ғылыми сауаттылық және үштілді білім берудің кіріктірілген апталығын өткізеді.
Апталықтың мақсаты: мәселелерді шешуде тың идеялары бар, жаңаша стильде ойлайтын, өз-өзіне сенімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Апталықтың аясында ойын элементтері бар сынып сағаттары, зияткерлік ойындар, бейнероликтер байқауы, web-парақшалар, презентация қорғау, олимпиадалар өткізіледі.
Облыс мұғалімдері үшін 15 сәуір «Көптілді меңгерген мұғалім» байқауы және 17 сәуір «Көптілділік - болашаққа бастар жол» фестивалі өткізіледі.
Облыстың білім беру ұйымдарының оқушылары мен мұғалімдерін жаратылыстану сауаттылығы мен үш тілді білім берудің кіріктірілген апталығына белсенді қатысуға шақырамыз.