«Зерек» жобасы аясында шеберлік сыныптар
12-04-2021 14:56
«Зерек» жобасы аясында  шеберлік  сыныптар

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес  2021 жылдың 12 сәуірі күні ZOOM платформасы арқылы «Зерек» жобасын жүзеге асыру жұмыстарының жылдық қорытындысы бойынша шеберлік сыныптар өткізілді.  

Шеберлік сыныптарда келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті: 

Илимбаева А. Б., Шарипбаева Б.Н., Саран қаласы, №16 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері 

Киселева Э. Б., Зудочкина С. Н., Сәтбаев қаласы, С. Сейфуллин атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері.

Шеберлік сыныптарда жобаның негізгі әдістері мен формаларын

көрсете отырып практикалық жұмыстар жүргізілді. Педагогтер тақырыпты түсіндірудің мультимедиялық тәсілі мен оқу материалын қабылдауда ми қыртысының екі жарты шарын пайдалану және денсаулықты сақтау технологиясын басты назарда ұстау қажеттілігін  атап өтті. 

  Рефлексия кезінде облыс педагогтері шеберлік сыныптардың практикалық маңыздылығына ерекше токталды. Өткізілген шеберлік сыныптарға 100 облыс педагогтері қатысты.