ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ВЕБИНАРЫ
13-04-2021 11:29
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ВЕБИНАРЫ

2021 жылдың 13 сәуірде ZOOM платформасында онлайн режимде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен инновациялық мектептер үшін вебинар өткізілді.

Бағдарламаға сәйкес төмендегі мектептердің бір жылдық инновациялық жұмыстарының талдауы тыңдалды:

1. Мукашева К. Б., Жезказған қаласы «Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-лицей» КММ директоры «Оқушылардың оқу үлгерімі деңгейін, білім сапасын талдау»;

2. Манатаева Г. М.,Саран қаласы «С. Сейфуллин атындағы мектеп-лицей» КММ директоры ««Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуы».

Вебинарға Қарағанды облысы бойынша инновациялық мектептердің 72 директоры мен орынбасарлары қатысты.