2021 жылдың сәуір айының 14 күні «Бірге оқимыз!» облыстық инновациялық жобасы аясында Zoom платформасында Қарағанды облысының мұғалімдеріне арналған воркшоптар өткізілді. Сонымен қатар UMC RO youtube каналында трансляция жасалынды.
Воркшоптарды өткізгендер:
• Сатжанова Гулжан Елеусизовна, Қарқаралы қаласы «Академик О. Жәутіков атындағы №1 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі. Тақырыбы: «Көбейту және бөлу. Есептер. Бөлу».
• Нургалиева Акмарал Кайроллаевна, Қарағанды қаласы «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі. Тақырыбы: «Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқыту мен оқуда мұғалімдердің шеберлігін шыңдау».
• Машрапова Жазира Сейфуллақызы, Шахтинск қаласы « А. Бөкейханов атындағы МЛ» КММ математика пәнінің мұғалімі. Тақырыбы: «Математика сабақтарында «Khan академиясы» онлайн білім беру платформасын тиімді қолдану».
• Байдалина Гульнур Мейрамбековна, Жезқазған қаласы «№26 Гимназия» КММ ағылшын тілі мұғалімі. Тақырыбы: «Методы и приёмы работы со слабоуспевающими учащимися на уроке английского языка».
• Аяпбергенова Алтынхан Муканбеткалиевна, Ұлытау ауданы « №17 ЖББМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі. Тақырыбы: «Сабақта «Padlet» виртуалды тақтасын қолдану».
• Ермолаева Татьяна Геннадьевна, Саран қаласы « №17 МГ» КММ музыка пәнінің мұғалімі. Тақырыбы: «Методы и приемы развития мышления и воображения, используемые на уроках музыки».
Воркшопқа Қарағанды облысының 500-ге жуық педагогы қатысты.