Колледждердің педагог-психологтарының онлайн-кеңесі
15-04-2021 17:38
Колледждердің педагог-психологтарының онлайн-кеңесі

2021 жылдың 15 сәуірінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Кездесу тақырыбы: «Мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезінде білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу».

Іс-шара әр түрлі жаттығулар, тәсілдер мен тапсырмаларды қолдана тренинг түрінде өткізілді. Спикерлер келесі педагог-психологтар болды: М.Х.Асенова. (Абай көпсалалы колледжі), Саворовская В.Е. (Қарағанды агротехникалық колледжі), Алимжанова А.К. (Теміртау жоғары политехникалық колледжі).

Отырысқа облыс колледждерінің 37 педагог-психологы қатысты.