Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
2021 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.
Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:
- Геймификация – заманауи жағдайда оқыту тәсілі ретінде.
- «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер.