Размер шрифта:
Әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен, білім беру бөлімдерінің әдіскерлерімен, мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорлары және директорлардың орынбасарларымен кеңес
16-04-2021 14:47
Әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен, білім беру бөлімдерінің әдіскерлерімен, мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорлары және директорлардың орынбасарларымен кеңес

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 16 сәуірінде әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен, білім беру бөлімдерінің әдіскерлерімен, мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорлары және директорлардың орынбасарларымен кезекті  кеңесін өткізді.

Кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды:

1. Ақтоғай ауданының білім беру ұйымдарында оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша жұмысты ұйымдастыру; 

2. «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-интернатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру;

3. «Зейін» жобасы шеңберінде функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар;

4. Облыс педагогтері үшін экологиялық сауаттылық апталығы аясында ОӘО өткізетін іс-шаралар.

Қатысушылар саны 73 адамды құрады.