Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 16 сәуірінде әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен, білім беру бөлімдерінің әдіскерлерімен, мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорлары және директорлардың орынбасарларымен кезекті кеңесін өткізді.
Кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Ақтоғай ауданының білім беру ұйымдарында оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
2. «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-интернатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру;
3. «Зейін» жобасы шеңберінде функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар;
4. Облыс педагогтері үшін экологиялық сауаттылық апталығы аясында ОӘО өткізетін іс-шаралар.
Қатысушылар саны 73 адамды құрады.