Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша Қарағанды облысы ТжКББ ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған нұсқаулық-практикалық семинары
16-04-2021 09:20
Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша Қарағанды облысы ТжКББ ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған нұсқаулық-практикалық семинары

2021 жылдың 16 сәуірінде  Zoom платформасында және YouTube-арнасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығы «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ, «Казақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжімен бірлесіп Қарағанды облысы ТжКББ ұйымдарының жас инженер-педагог қызметкерлеріне арналған цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша нұсқаулық-практикалық семинарын өткізді.  

Семинарға облыс колледждерінен ZOOM платформасы арқылы 100 және YouTube-арнасында 60 жас инженер-педагог қызметкерлер қатысты.

Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Кузьмина Ксения Геннадьевна, «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ, арнайы пәндер оқытушысы, АКТ шығармашылық тобының төрайымы, «Тalap» КЕАҚ штаттан тыс тренері - «Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша нұсқаулық» шеберлік сыныбы: «Padlet» - виртуалды тақта, «Quizlet» - интерактивті тапсырмаларды құруға арналған сервис, «Learnis» - интерактивті бейне» тақырыбында;

2. Сұлтанова Бибінұр Боранбайқызы, «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ арнайы пәндер оқытушысы - «Renderforest бағдарламасы арқылы арнайы пәндерді оқытудағы педагогикалық әдістердің жаңа форматы» тақырыбында;

3. Тусупбекова Гульнур Абдигантовна, «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ ағылшын тілі  оқытушысы - «Шет тілін оқытуда Classroomscreen виртуалды панелін пайдалану» тақырыбында;

4. Абынгиева Жанат Габитхановна, «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ арнайы пәндер оқытушысы- «Аutoplay Media Studio электронды оқулығы – ақпарат берудің инновациялық ресурсы» тақырыбында;

5. Тунгушбаева Мадина Жұматайқызы, «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ математика пәнінің  оқытушысы - «Bandicam» бағдарламасын қолдану жөніндегі нұсқаулық» тақырыбында;

6. Омарова Нұргүл Тлегеновна, «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ химия  пәнінің оқытушысы – «Химия және биология сабақтарында worldwall сандық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында.

Аталған барлық цифрлық білім беру ресурстары жас мамандардың  инновациялық форматында сабақтар өткізуіне мүмкіндік береді және бұл бағдарламалар студенттердің танымдық қызметін арттыру үшін қажет екенін атап өткен жөн.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды. 

https://www.youtube.com/watch?v=L-G34Nd0CNc