2015 жылғы 26 қазанда «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында және Қарағанды облысы әкімінің 2015 жылғы 19 тамыздағы педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесіндегі тапсырмасы бойынша «Өзара ынтымақтастық туралы» Қарағанды облысы білім басқармасы, Қарағанды қаласы педагогикалық шеберлік орталығының филиалы және «Химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» арасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату бойынша меморандумға қол қойылды. Мемлекет басшысы бірнеше рет қазақстандық және әлемдік білім беру жүйелерін жинақтауға Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату қажеттігіне назар аударды.
Меморандум аясында бірлескен іс-әрекет жоспары жасалып, Қарағанды облысы 25 білім беру ұйымдарының мектеп басшылары мен мұғалімдеріне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату аясында жылдық семинар ұйымдастырылды. Бірлескен іс-әрекет жоспары Қарағанды облысы білім ұйымдарының басшылары және мұғалімдеріне облыстық оқыту семинарларын ұйымдастыру, Қарағанды облысының жаратылыстану-математикалық бағытындағы мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, зияткерлік мектептерде апробацияланған бағдарламаларды орта мектептерге еңгізу, мектептегі басқаруды еңгізу бойынша тәжірибе таратудың шаралар кешенін қарастырады.
Қарағанды қаласындағы НЗМ филиалы базасында өткен оқыту семинарына 100-ден астам мектеп басшылары мен мұғалімдері қатысты. Оқыту семинарының мақсаты Қарағанды облысының жалпы білім беретін орта мектептерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ тәжірибелерін тарату үшін кадрлық, ақпараттық, ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау болып табылады.