Мектеп кітапханашыларына арналған экологиялық сағат
19-04-2021 09:08
Мектеп кітапханашыларына арналған экологиялық сағат

2021 жылдың 19 сәуірінде «Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының мектеп кітапханашылары үшін экологиялық сағат өткізілді.

Экосағаттың спикерлері кітапхана меңгерушілері Ф.Р.Тәжібаева, Бұқар Жырау ауданы «А.Байтұрсынов атындағы ЖББОМ» КММ; М.В.Коломийцева, Шахтинск қаласы «№1 мектеп-гимназия» КММ. 

Іс-шараға Қарағанды облысының 174 мектеп кітапханашысы қатысты.