«Үздік тәлімгер - 2021» облыстық байқауының бірінші (сыртқы) кезең қорытындысы
21-04-2021 16:13
«Үздік тәлімгер - 2021» облыстық байқауының бірінші (сыртқы) кезең қорытындысы

2021 жылдың 25 наурызынан 13 сәуір күндері аралығында байқаудың бірінші кезеңі өтті. Байқауға Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлерінің «Тәлімгер портфолиясы» таныстырылымы және ағымдағы жылдың жұмыс жоспары ұсынылды. 

Бірінші кезеңге облыстың 14 өңірінен барлығы 36 байқау жұмыстары келіп түсті.

Байқаудың ақтық кезеңі 2021 жылдың 30 сәуірі күні өтеді. Ақтық кезеңінің қатысушылары қалалық және аудандық білім беру ұйымдарына жолданған Ақпараттық хат негізінде шақырылады. 

Байқаудың финалдық кезеңі қашықтық түрінде өтеді, онда қатысушылар «Сәлем сөздің анасы» және «Ұрпақтар сабақтастығы-ұлттық құндылық» үй тапсырмасын ұсынады, педагогикалық жағдайлардан шығудың жолын табады. Байқаудың барлық кезеңдері қолдау тобының қатысуынсыз өтеді.

 

«Үздік тәлімгер - 2021» облыстық байқаудың ақтық кезеңінің қатысушылары: 

1. Адамбаева Ботакөз Серікқызы, Абай ауданы «Курмин тірек мектебі (РО)» КММ;

2. Есенбаева Аяжан Сержановна, Балқаш қаласы «№17 мектеп-лицей» КММ;

3.  Карпов Илья Борисович, Саран қаласы «№2 ЖББОМ» КММ;

4. Дурэмбай Рауа, Осакаров ауданы «№29 ЖББМ» КММ;

5. Канафина Бибигуль Толеухановна, Қарқаралы ауданы «№16 орта мектебі» КММ;

6. Оленич Татьяна Анатольевна, Бұқар жырау ауданы «Ю.Гагарин атындағы НМ» КММ.