Размер шрифта:
«Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық»
21-04-2021 17:16
«Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық»

2021 жылдың  21 сәуірінде қашықтықтан «Өнегелі өмір» жобасы және «Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, Халықаралық Еуразия академиясының академигі, эколог – ғалым, ұлағатты ұстаз Қайыржан Бекішұлының өнегелі өмір жолына арналған кездесу болып өтті. 

Тағылымы мол іс-шараны Қарағанды облысысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бакиткул Химальдиновна бастап жүргізді. 

Дөңгелек үстел отырысына әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, мұғалімдер қауымы, оқушылар қатысты.

Эколог-ғалым еліміздегі, облысымыздағы экологиялық ахуал, қоршаған ортаны қорғау туралы кеңінен айтып, сұхбаттасты. 

Ұлағатты ұстаз Қайыржан Бекішұлы ұстаздар қауымына да бата-тілегін білдіріп, алғысын айтты.