«Менің Өмірімнің Экомектебі» жобасы аясында өткізілген экокөпір
2021 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «ӨКМ Операторы» ЖШС-мен бірлесіп қашықтықтан «Менің Өмірімнің Экомектебі» жобасы аясында Экокөпір өткізді.
Экокөпір қатысушыларын «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директоры Абдикерова Бакиткул Химальдиновна; «ӨКМ Операторы» ЖШС өкілі Жомарт Рахымжан құттықтады.
Іс-шараның спикерлері: Нұр-Сұлтан, Семей, Петропавл, Қарағанды қалаларының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері, мектеп мұғалімдері және колледж оқытушылары.
Экокөпір спикерлері оқушылардың, педагогтердің, әлеуметтік серіктестердің республикалық «Менің Өмірімнің Экомектебі» жобасын жүзеге асыруда жұмыс тәжірибелерін ұсынды.





umc-ro@umckrg.gov.kz



