2021 жылдың 22 сәуірінде «Модульдік-құзыреттілік тәсіл» бағыты бойынша тәжірибе жинақтау онлайн-семинары өтті.
Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 80 директорларының орынбасарлары қатысты.
Іс-шара барысында келесі директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөлісті:
1. Сарсенбаева С.Б., «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Кәсіптік білім берудегі модульдік-құзыреттілік тәсіл» тақырыбында;
2. Ишанкулова Р.М., «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінде модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында;
3. Окасова Қ.Қ., Имангазиева А.И., Альханова А.Т., «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі» КММ, «Оқу үрдісіне модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу» тақырыбында;
Семинар соңында егжей-тегжейлі жауапты қажет ететін кейбір сұрақтар талқыланды.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы колледждерге осы бағыт бойынша әдістемелік өнім әзірлеуді және оны облыстық әдістемелік кеңесте бекітуді ұсынды.