«Модульдік-құзыреттілік тәсіл» бағыты бойынша тәжірибе жинақтау семинары
22-04-2021 08:25
«Модульдік-құзыреттілік тәсіл» бағыты бойынша тәжірибе жинақтау семинары

2021 жылдың 22 сәуірінде «Модульдік-құзыреттілік тәсіл» бағыты бойынша тәжірибе жинақтау  онлайн-семинары өтті.

Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 80 директорларының орынбасарлары қатысты.

Іс-шара барысында келесі директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Сарсенбаева С.Б., «Жезқазған жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК, «Кәсіптік білім берудегі модульдік-құзыреттілік тәсіл» тақырыбында;

2. Ишанкулова Р.М., «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ, «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжінде модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында;

3. Окасова Қ.Қ., Имангазиева А.И., Альханова А.Т., «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі» КММ, «Оқу үрдісіне модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу» тақырыбында;

Семинар соңында егжей-тегжейлі жауапты қажет ететін кейбір сұрақтар талқыланды.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы колледждерге осы бағыт бойынша әдістемелік өнім әзірлеуді және оны облыстық әдістемелік кеңесте бекітуді ұсынды.