2021 жылдың жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын, сауықтыру демалысын, іс-шаралармен шұғылдануын қамтамасыз ету бойынша семинар
23-04-2021 18:04
2021 жылдың жазғы демалыс  кезеңінде балалардың бос уақытын, сауықтыру демалысын, іс-шаралармен шұғылдануын қамтамасыз ету бойынша семинар

2021 жылдың 23 сәуірінде Қарағанды облысының білім басқармасы, оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына 2021 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру бойынша семинар өткізді. 

Семинарға Қарағанды облысының білім беру ұйымдарынан 420 педагог қатысты.