«Алаш идеясы - Тәуелсіздік» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция
24-04-2021 12:33
«Алаш идеясы - Тәуелсіздік» аймақтық   ғылыми-тәжірибелік конференция

2021 жылдың 24 сәуірінде  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Тұлғатану»  ғылыми  зерттеу орталығы  және Қарағанды қаласы  «Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ұйымдастыруымен Әлихан  Бөкейханның  155  жылдығы  және  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алаш идеясы - Тәуелсіздік» тақырыбында   аймақтық  ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Конференцияның мақсаты: Әлихан  Нұрмұхамедұлы  Бөкейханның  өмірі  мен  қоғамдағы жан-жақты рөлін, көшбасшылық  қызметін   ғылыми зерттеу  арқылы  тану, «Мәңгiлiк Ел» идеясының  Алаш   қозғалысының   негізгі  ұстанымымен    үндесуін жас  ұрпаққа  жеткізу.

Конференцияға Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, ҚР Білім меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Алтынбеков Бекзат Қомарұлы, Қарағанды қаласының білім бөлімінің басшысы Әшім Есентай Мұқатайұлы, Е.А.Бөкетов атыңдағы Қарағанды университеті археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к., «Тұлғатану» ғ.з.о. директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметовна, Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы  және мектеп басшылары, педагогтер, Әлихантанушы, алаштанушы жас ғалымдар қатысты.

Бес бағытта жұмыс жасаған секциялық бөлімде 35 жұмыс тыңдалды. Әр бағыт бойынша арнайы сарапшылар қатысып, тыңдалған жұмыстар бойынша кері байланыс жасап отырды.

Конференцияға барлығы 500-ге жуық адам қатысты.