Облыс колледждерінің директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі отырысы
27-04-2021 15:42
Облыс колледждерінің директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі отырысы

2021 жылдың 27 сәуірінде Zoom платформасында Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Облыс колледждерінің директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі отырысы өтті.

Отырысқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 68 орынбасары қатысты.

Отырыс барысындаоблыс колледждерінің келесіпедагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Ходыкина Альбина Валерьевна, «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖММ педагогикалық пәндер оқытушысы, «Дене шынықтыру мұғалімдерін құзыреттілік оқыту: әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында;

2. Абиева Ботакоз Нуртаевна, «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖММ практика жетекшісі, «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме бойынша практикаға бағытталған оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында;

3. Федулова Валентина Петровна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагогика оқытушысы,  «Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме мектепке дейінгі ұйыдардың маманын дайындау сапасының факторы ретінде» тақырыбында;

4. Кашкинбаева Замзагуль Жанайдаровна, п.ғ.к., доцент, Педагогика, психология және филология кафедрасының меңгерушісі, О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, «Болашақ педагогтердің «soft skills» қалыптастыру (оқытудың жаңа технологияларын ендіру кезіндегі педагогикалық жұмысшыларды дайындаудың қажетті шарты ретінде)»тақырыбында;

5. Майкенова Айнур, «Мирас» Теміртау көпсалалы колледжі» ЖММ директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары,  «Педагогикалық мамандықтар бойынша дуалдық оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында;

6. Тулеубаев Данияр Ергалиулы, «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖММ басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары,  «Кәсіптік стандарттарға негізделген модульдік-құзыреттілік оқыту – заман талабы» тақырыбында.

Семинар соңында ОӘБ төрайымы Свердлова Елена Александровна отырыс қатысушыларымен рефлексия жүргізіп, отырыс жұмысын қорытындылады.