«Шеберлік шыңы» атты аға тәлімгерлер мектебі
27-04-2021 17:11
«Шеберлік шыңы» атты аға тәлімгерлер мектебі

2021 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлері үшін қашықтықтан, жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастырылуы бойынша «Шеберлік шыңы» атты аға тәлімгерлер мектебінің (ІІ модуль) оқыту семинары өтті.

Оқыту семинары қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. 

Семинар спикелері: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері Казиева Ансаган Алпысбаевна, Калмагамбетова Айгуль Хамзеевна; Қарағанды қаласының «№2 Өнер мектебі» КММ директорының орынбасары Бекова Акбота Токеновна; Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Тебаева Зауреш Амантаевна, экскурсовод Сәду Арайлым Жетпісқызы; Қарағанды қаласының «Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ» КММ директордың тәрбие орынбасары Есебаева Орынгүл Жанұзаққызы; Балқаш қаласының «№10 ЖББМ» КММ аға тәлімгері Кубыкина Галина Валентиновна.