Колледж директорларының орынбасарларына арналған оқыту курстары басталды
27-04-2021 17:36
Колледж директорларының орынбасарларына арналған оқыту курстары басталды

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 26-сәуірінен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына арналған оқыту курстарын өткізе бастады.

Оқытудың бірінші күні спикерлер болып оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.К. Оспанова және директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы А.О. Абельгазина сөз сөйледі.

«ТжКББ ұйымдарында тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар» тақырыбындағы іс-шараға колледж директорларының 90 орынбасары қатысты.

Оқыту курстары 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.