Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 26-28 сәуір аралығында алғаш рет Қарағанды облысының мұғалімдеріне арналған «DIGITAL TEACHER» білім беру Хакатонын өткізуде.
Хакатонның мақсаты:
• білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды танымал ету, жаңа технологияларды қолданатын мұғалімнің имиджін арттыру;
• педагогикалық қоғам арасындағы диалогты дамыту, серіктестікті кеңейту;
• белсенді жас IT-әзірлеушілерді анықтау және әлеуметтік өзара әрекеттестікке тарту;
Хакатон үш күн қашықтықтан ZOOM платформасында өтеді. Үш күн бойы әр команданы модераторлар сүйемелдейді.
Байқауға қатысушыларға 4 кейс ұсынылды:
«Сұлулық салондарының желісі»;
«Сауда компаниясының пайдасын барынша арттыру ісі»;
«Ойын әзірлеу және енгізу»;
«Онлайн мектеп».
Хакатонға берілген өтінімдер саны-230.