Қарағанды облысының мұғалімдеріне арналған «DIGITAL TEACHER» білім беру Хакатоны
26-04-2021 15:28
Қарағанды облысының мұғалімдеріне арналған  «DIGITAL TEACHER» білім беру Хакатоны

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 26-28 сәуір аралығында алғаш рет Қарағанды облысының мұғалімдеріне арналған «DIGITAL TEACHER» білім беру Хакатонын өткізуде.

Хакатонның мақсаты:

білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды танымал ету, жаңа технологияларды қолданатын мұғалімнің имиджін арттыру;

педагогикалық қоғам арасындағы диалогты дамыту, серіктестікті кеңейту;

белсенді жас IT-әзірлеушілерді анықтау және әлеуметтік өзара әрекеттестікке тарту;

Хакатон үш күн қашықтықтан ZOOM платформасында өтеді. Үш күн бойы әр команданы модераторлар сүйемелдейді.

Байқауға қатысушыларға 4 кейс ұсынылды:

«Сұлулық салондарының желісі»;

«Сауда компаниясының пайдасын барынша арттыру ісі»;

«Ойын әзірлеу және енгізу»;

«Онлайн мектеп».

Хакатонға берілген өтінімдер саны-230.