«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы мақаласын жүзеге асыруға арналған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Әдісте
29-04-2021 15:00
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы мақаласын жүзеге асыруға арналған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Әдісте

2021 жылы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі" КММ Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «әдістемелік жинақ» атты облыстық қашықтық конкурсын өткізді. 

Аталған байқауға Қарағанды облысының 18 колледжі қатысты. Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы мақаласын тақырыптық және оқу қызметін дамыту және конкурстық жұмыстарды таныстыру арқылы тарату және шығармашылық тұрғыдан насихаттау.

Әдістемелік жинақ екі секция бойынша өтті:

1 секция «әдістемелік әзірлеме» - 12 қатысушы;

2 секция «макеттер байқауы» - 8 қатысушы.

«Әдістемелік жинақ» байқауының қорытындысы онлайн режимде, ZOOM платформасында шығарылды.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

1 секция «әдістемелік әзірлеме»:

1 орын – Акимова Юлия Игоревна, «Рухани жаңғыру – болашаққа көзқарас» сынып сағаты (интеллектуалды-шығармашылық байқау); 

2 орын - Ярулина Алия Мадияровна, «Құрт-асыл тас»; 

3 орын - Лидова Ирина Викторовна, Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын зерттеуге арналған тест материалы.

2 секция «макеттер байқауы»:

1 орын – Коликова Ольга Юрьевна, «Ұлы Жібек жолы, уақыт ағымында, өткеннен болашаққа»; 

2 орын - Темирбеков Мырзатай Акшекенович, «Ұлы Даладағы игі сабақтастық»; 

3 орын - Баймагамбетова Фатима Кикбаевна, «Ұлы даладағы ежелгі металлургия».

 

Жеңімпаздар дипломдармен, қазылар алқасының мүшелері және «әдістемелік жинақ» байқауының ұйымдастырушылары Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттар алды.