Педагогикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберіндегі практикалық семинар
29-04-2021 11:36
Педагогикалық пәндер оқытушыларының  облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберіндегі практикалық семинар

2021 жылдың 29 сәуірінде Zoom платформасында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен педагогикалық пәндер оқытушыларының  облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберіндегі практикалық семинар өтті.

Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 39 оқытушысы қатысты.

Семинар барысында келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Нурсалиева Жанат Ахмедьяновна,  «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, Калжанова Гулфайруз Мухтаровна, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, «Дуалды оқыту практикалық дағдыларды қалыптастырудың негізі ретінде» тақырыбында;

2. Шевченко Любовь Григорьевна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары,  «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша дуалды оқыту жағдайында «Тәрбиеші көмекшісі» біліктілік емтиханын өткізу жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында;

3. Котова Евгения Анатольевна, Лебедян педагогикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Педагогикалық колледж студенттерін WorldSkills Russia стандарттары бойынша демонстрациялық емтиханға дайындаудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары» тақырыбында;

4. Коняева Татьяна Юрьевна, оқытушы, «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзыреттілігі бойынша бас сарапшы, «Лебедянск педагогикалық колледжінің студенттерін «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан тапсыруға дайындау» тақырыбында;

5. Хабибулина Марина Борисовна,  Челябі № 2 педагогикалық колледжі оқытушысы, «Челябі № 2 педагогикалық колледжінде демонстрациялық емтихан өткізуді ұйымдастыру» тақырыбында;

6. Асанова Нургуль Сейткамаловна, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогикалық пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі,  «WSK стандарттары бойынша «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан тапсырмалары мен бағалау критерийлерін әзірлеудің әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында.

Семинар соңында ОӘБ төрайымы Шаповалова Надежда Павловна семинар қатысушыларымен рефлексия жүргізіп, семинар жұмысын қорытындылады.