2021 жылдың 29 сәуірінде ZOOM платформасы арқылы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Қарағанды облысының мектеп мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер сабағындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» атты онлайн семинар өтті.
Семинар барысында келесі баяндамалар тыңдалды:
1. Информатика мұғалімі Сыздыққызы Д. «Информатика пəнінде оқушылардық функционалдық сауаттылығын арттыру»;
2. Информатика мұғалімі К.Б.Амренов «Информатика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»;
3. Биология мұғалімі Қарабек Г.Т. «Биология сабағында сандық сауаттылықты арттыру»;
4. География мұғалімі Аукенова И.М. «География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай арттыруға болады?»;
5. Химия мұғалімі Байсалова А.Ж. «Химия сабағында (PBL) жоба негізінде білім беру»;
6. Физика пәні мұғалімі Мағауия А.М. «Физика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»;
7.Математика пәні мұғалімі Чобан А. У. «Математика сабағында сандық сауаттылықты арттыру»;
8. Математика пәні мұғалімі Назарова Б. С. «Интерактивті сабақтардағы жаңа үрдістер мен жаңа технологиялар».
Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті, қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын және алынған ақпараттың өзектілігін атап өтті.
Онлайн-семинарға Қарағанды облысындағы мектептердің 100-ден астам пән мұғалімдері қатысты.