Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер сабағындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары
29-04-2021 12:43
Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер сабағындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары

2021 жылдың 29 сәуірінде ZOOM платформасы арқылы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Қарағанды облысының мектеп мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер сабағындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» атты онлайн семинар өтті.  

Семинар барысында келесі баяндамалар тыңдалды:

1. Информатика мұғалімі Сыздыққызы Д. «Информатика пəнінде оқушылардық функционалдық сауаттылығын арттыру»;

2. Информатика мұғалімі К.Б.Амренов  «Информатика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»;

3. Биология мұғалімі Қарабек Г.Т. «Биология сабағында сандық сауаттылықты арттыру»;

4. География мұғалімі Аукенова И.М. «География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай арттыруға болады?»;

5. Химия мұғалімі Байсалова А.Ж. «Химия сабағында (PBL) жоба негізінде білім беру»;

6. Физика пәні мұғалімі  Мағауия А.М. «Физика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»;

7.Математика пәні мұғалімі Чобан А. У.  «Математика сабағында сандық сауаттылықты арттыру»;

8. Математика пәні мұғалімі  Назарова Б. С. «Интерактивті сабақтардағы жаңа үрдістер мен жаңа технологиялар».

Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті, қатысушылар семинардың практикалық маңыздылығын және алынған ақпараттың өзектілігін атап өтті.

Онлайн-семинарға Қарағанды облысындағы мектептердің 100-ден астам пән мұғалімдері қатысты.