ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
30-04-2021 16:07
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

2021 жылдың 30 сәуірінде Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында онлайн режимде «География сабағында шағын жинақты мектеп оқушыларының жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар өткізді. Нұра ауданының география пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сыздыкова Забира Бейсенбековна, «М. Сүлейменов атындағы тірек мектебінің (РО)» КММ – нің география пәнінің мұғалімі, сарапшы-педагог, Сулейменова Г.Е. «Талжанов атындағы ЖББМ» КММ – нің география пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог, Пшенбаев М.А, «Қарой ЖББМ» КММ- нің география пәні мұғалімі, бірінші санатты, Куланова Жанерке, «Абай атындағы НМ» КММ- нің география пәнінің мұғалімі, модератор-педагог.

Барлығы 100 адам қамтылды.