«ЭКО-ТУРИСТ» байқау-челленджі
30-04-2021 11:59
«ЭКО-ТУРИСТ» байқау-челленджі

2021 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында академик Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжі, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «ЭКО-ТУРИСТ» байқау-челленджін ұйымдастырып өткізді.

Бұл байқауға Қарағанды облысы бойынша 14 колледж қатысып, әлеуметтік парақшаларда 15 бейнероликтер жарияланды. Байқау онлайн форматта өтті. Әділқазылар алқасының шешімі Ережеге сәйкес, әлеуметтік желідегі парақшаға жүктелген бейнероликтердің жинаған дауыстары мен лайктар саны арқылы бағаланды.

Байқауға қатысқан студенттердің бейнероликтеріне 19 сәуірден бастап 28 сәуірге дейінгі аралықта дауыс беру жүргізіліп, 29 сәуірде тағайындалған әділқазылар алқасы жиналған дауыстарды есептеп, нәтижесінде:

1 орынға - Төлеубай Шаризат Қанатқызы, «Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжі» ЖШҚ ҚМҚ студенті иеленді, жетекшісі Абильдаева Айна Кенбаевна;

2 орынға – «Қарқаралы» тобы, «Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі» КМҚК иеленді, жетекшісі Сыздыкбаев Ерлан Сейткалиевич;

3 орынға – Василькова Карина, Қазтұтынуодағы ҚарУ экономика, бизнес және құқық колледжінің студенті иеленді, жетекшісі Николаева Карина Александровна.

Байқау соңында жеңімпаздар дипломдармен, студенттер жұмыстарының жетекшілері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. Байқауға барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.