«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы
04-05-2021 14:30
«Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы

2021 жылдың 4 мамырында ZOOM платформасында «Дәнекерлеу ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті.

Отырысқа 20 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Бедарева Е. С., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК, «Қашықтықтан оқыту жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында;

2. Головко Н. Ю., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Студенттер мен оқытушылардың жобалық қызметі-оқыту үдерісінің тиімділік кепілі» тақырыбында.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ төрағасы Сапунов Ю.И. отырыстың қорытындысын шығарды.