2021 жылдың 4 мамыры күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Зерек» жобасын іске асыру бойынша білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру» тақырыбында семинар өтті.
Мектепалды даярлық және бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолдау көрсету, зерттеушілік дағдыларын дамыту, өзін-өзі бақылау, сондай-ақ сабақта кездесетін әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шеше білуге дағдыландыру мақсатындағы семинарда Балқаш қаласының «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ және «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің мектепалды даярлық және бастауыш сынып мұғалімдері іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында Қарағанды облыстық білім беру ұйымдарының педагогтері «Mentimeter» платформасы арқылы кері байланыс берді.