Размер шрифта:
«Тігін ісі» бағыты бойынша шеберлік сабағы
06-05-2021 16:55
«Тігін ісі» бағыты бойынша шеберлік сабағы

2021 жылдың 6 мамырында Zoom платформасында «Алтын қолдар» тақырыбындағы шеберлік сабағының дәйекті орындалуы өтті.

Шеберлік сабағын ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп Қарағанды  технология және сервис колледжі өткізді.

Шеберлік сабаққа облыс колледждерінің 14 арнайы пәндер оқытушылары  мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. 

Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Жарикова О.А., «Сервис» колледжі» ЖММ, «Графикалық редактордағы юбка дизайны» тақырыбында;

2. КонурбаеваГ.А., «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ, «Жазғы сөмкені кесу және тігу» тақырыбында;

3. Бектауова А.С., «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ, «Жазғы блузканы кесу және тігу» тақырыбында;

4. Алпатанова Г.Р., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Ұлттық фольклор элементтері бар жастар сөмкесін жасау» (үйірме жұмысы) тақырыбында;

5. Тукенова М.С., «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ, «Экосөмкелер – ғаламды құтқарудың тәсілі» тақырыбында;

6. Тусупбаева А. Р., «Қарағанды  технология және сервис колледжі» КММ, «GRAFIS 12. Градация бағдарламасында құрылымдық өзгерістер енгізу және кокет салу» тақырыбында;

7.  Оспанова К.Н.,   «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледж» КММ, «Қазақи шапанды үлгілеу және тігу» тақырыбында;

Іс-шараға қатысушыларға сертификаттар табысталды.