2021 жылдың 6 мамырында Zoom платформасында «Алтын қолдар» тақырыбындағы шеберлік сабағының дәйекті орындалуы өтті.
Шеберлік сабағын ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп Қарағанды технология және сервис колледжі өткізді.
Шеберлік сабаққа облыс колледждерінің 14 арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:
1. Жарикова О.А., «Сервис» колледжі» ЖММ, «Графикалық редактордағы юбка дизайны» тақырыбында;
2. КонурбаеваГ.А., «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ, «Жазғы сөмкені кесу және тігу» тақырыбында;
3. Бектауова А.С., «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ, «Жазғы блузканы кесу және тігу» тақырыбында;
4. Алпатанова Г.Р., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Ұлттық фольклор элементтері бар жастар сөмкесін жасау» (үйірме жұмысы) тақырыбында;
5. Тукенова М.С., «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ, «Экосөмкелер – ғаламды құтқарудың тәсілі» тақырыбында;
6. Тусупбаева А. Р., «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ, «GRAFIS 12. Градация бағдарламасында құрылымдық өзгерістер енгізу және кокет салу» тақырыбында;
7. Оспанова К.Н., «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледж» КММ, «Қазақи шапанды үлгілеу және тігу» тақырыбында;
Іс-шараға қатысушыларға сертификаттар табысталды.