Қарағанды облысы білім басқармасының тапсырмасы бойынша Білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының, Қарағанды қаласы №97 гимназияның ұйымдастыруымен "Болашаққа жолдама" облыстық форумы аясында 2021 жылдың 6 мамыры күні «BUSINESS стартап - жобалар» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың бизнес - жоспарлау дағдыларын қалыптастыру арқылы жобалау-талдау құзыреттілігін дамыту.
Стартап үшін табысты бизнес - идеяны ойлап табу - болашақта өз ісімен айналысуды армандайтын жастар үшін маңызды мақсат!
Байқау 3 кезеңде өткізілді. Облыстық іріктеу турына 37 жоба қатысып, Қарағанды, Жезқазған, Шахтинск, Сатпаев қалаларынан және Қарқаралы, Нұра аудандарынан, сондай-ақ Н.Нұрмақов атындағы ММИ барлығы 9 жоба финалдық турға өтті:
1. Овчинникова Ксения, Морозова Снежана, Гончаров Иван, Балқаш қаласы «№17 МЛ» КММ 9 және 10 сынып оқушылары.
Жобаның атауы: Образовательная игра «СЕШАТ».
2. Нұрғалиев Әділет, «Н.Нұрмақов атындағы ММИ»КММ 10 сынып оқушысы
Жобаның атауы: «Смарт этно – ауыл» демалыс аймағы жобасы
3. Удалова Елизавета, «Сәтбаев қаласы С. Сейфуллин атындағы гимназия» КММ 10 сынып оқушысы
Жобаның атауы: «Мобильная кофейня НА КОЛЕСАХ»
4. Мейраш Наргиз, «Қарағанды қаласы Әл- Фараби атындағы МГ» КММ 10 сынып оқушысы
Жобаның атауы: «OQY» кітап жалдау сервисі»
5. Елемесова Камила, Хван Тамара, Зейтказы Саят, «Жезқазған қаласы, №26 гимназия» КММ 10 сынып оқушылары
Жобаның атауы: «Microgreen»
6. Қабдолла Айсулу, «Қарқаралы ауданы №4 тірек мектебі (РО)» КММ 10 сынып оқушысы,
Жобаның атауы: «Гидрогель және тамшылап суару технологиясының ауыл шаруашылыгында пайдалану»
7. Дубинин Иван, «Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 МЛ» КММ 10 сынып оқушысы
Жобаның атауы: «Бомбическое зазеркалье»
8. Улгасбаев Мирас, Бейсен Асхат, «Шахтинск қаласы Ә. Бөкейханов атындағы МЛ» КММ 9 сынып оқушылары.
Жобаның атауы: «Қайта өңделген құрылыс жылу сақтағыш материалдары»
9. Даудова Хеда, «Нұра ауданы Абай атындағы Шұбаркөл ЖББМ» КММ 10 сынып оқушысы.
Жобаның атауы: Ұлттық нақыштағы тігін шеберханасы «ХЕДА»