Заманауи мектептерді басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған курс тыңдаушыларымен Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы А.Қ. Аймағамбетовпен кездесу ұйымдастырылды
29-10-2015 10:11

     2015 жылдың 29 қазан күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында өтіп жатқан «Заманауи мектептерді басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған курс тыңдаушыларымен Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы А.Қ. Аймағамбетовпен кездесу ұйымдастырылды. Әңгіме барысында Асхат Қанатович «Білім реформасы не үшін қажет?», «Болашақтағы мектеп қандай болу керек?» деген сұрақтарға тоқталды. Білім басқармасының басшысы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған курс бағдарламасын және оның мазмұнын талқылады. Тыңдаушылар: Мустафин А.Х., Пшембаев М.А., Арунов М.А., Абдыкул Б.С. өткізіліп жатқан курстың мазмұнды екенін, басшы үшін қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік жасалғандығын айтып, өз ойларымен бөлісті.