2021 жылдың 11 мамырында Қарағанды облысы Шет ауданының білім беру ұйымдарының басшыларына, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, әдіскерлерге, педагог-психологтарға, дефектолог, логопед мамандарға, педагогтерге арналған инклюзивті білім беруге арналған семинар өткізілді.
Семинар спикерлері Қарағанды облысының білім басқармасының «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ директоры Амандыкова Эльмира Жанбырбаевна; директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бояубаева Аяулы Комековна; қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Сакбаева Гульжан Амангельдиевна; математика пәнінің мұғалімі Ибраева Тоғжан Габбасовна инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде өздерінің іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға Шет ауданының білім беру ұйымдарының 150 педагогы қатысты.