2021 жылдың 13 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының информатика пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырысы өтті.
Секциялық отырыстың тақырыбы: «Информатика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту».
Конференцияның мақсаты – заманауи мектептерде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту кезінде педагогтерге ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету.
Конференцияда баяндама оқып, іс-тәжірибелерімен бөліскен информатика пәні мұғалімдері:
1. Туребеков Маратбек Жакыпбекұлы, Жезқазған қаласы «№9 мектеп-интернаты» КММ директоры. Тақырыбы: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығының тұрақты дамуын жүзеге асыру үшін мектеп ресурстарын тиімді пайдалану»;
2. Каирбаева Ботакоз Нургалиевна, Бұқаржырау ауданы «ОШ имени Ахмета Байтурсынулы» КММ. Тақырыбы: «Эффективное использование активных методов для развития навыков функциональной грамотности учащихся»;
3. Игнатьева Наталья Петровна, Теміртау қаласы «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ. Тақырыбы: «Роль творческих заданий по информатике в формировании функциональной грамотности учащихся в условиях дистанционного обучения»;
4. Кочергина Ирина Анатольевна, Қарағанды қаласы «№15 ЖББОМ» КММ. Тақырыбы: «Развитие функциональной грамотности на уроках информатики»;
5. Жапелова Замзагуль Турбековна, Қарағанды қаласы «№34 ЖББОМ» КММ. Тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту кезіндегі акт құралдары».