«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның информатика пәні бойынша мұғалімдерінің секциялық отырысы
13-05-2021 16:15
«Функционалдық  сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның информатика пәні бойынша мұғалімдерінің секциялық отырысы

2021 жылдың 13 мамырында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Функционалдық  сауаттылық – білім беру сапасын жақсартудың аса маңызды шарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының информатика пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырысы өтті. 

Секциялық отырыстың тақырыбы: «Информатика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту».  

Конференцияның мақсаты – заманауи мектептерде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту кезінде педагогтерге ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету.

Конференцияда баяндама оқып, іс-тәжірибелерімен бөліскен информатика пәні мұғалімдері: 

1. Туребеков Маратбек Жакыпбекұлы, Жезқазған  қаласы «№9 мектеп-интернаты» КММ директоры. Тақырыбы: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығының тұрақты дамуын жүзеге асыру үшін мектеп ресурстарын тиімді пайдалану»;

2. Каирбаева Ботакоз Нургалиевна, Бұқаржырау ауданы «ОШ имени Ахмета Байтурсынулы» КММ. Тақырыбы: «Эффективное использование активных методов для развития  навыков функциональной грамотности учащихся»;

3. Игнатьева Наталья Петровна,  Теміртау қаласы «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» КММ. Тақырыбы: «Роль творческих заданий по информатике в формировании функциональной грамотности учащихся в условиях дистанционного обучения»;

4. Кочергина Ирина Анатольевна, Қарағанды қаласы «№15 ЖББОМ» КММ. Тақырыбы: «Развитие функциональной грамотности на уроках информатики»;

5. Жапелова Замзагуль Турбековна,  Қарағанды қаласы  «№34 ЖББОМ» КММ. Тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту кезіндегі акт құралдары».